Қанды Қаңтар: Алматы соты марқұмдардың үкімін өзгеріссіз қалдырды

Туыстары үкіммен келіспейді


15/06/2023
10:48 17164 0

 

Алматы қалалық соты Қаңтарда оққа ұшып, қаза тапқан бес адамның жақындарының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. 

 

14 маусымда өткен сот отырысында Алматы қалалық сотының алқасы алғашқы инстанцияда кінәлі деп танылған бес марқұмның үкімін өзгеріссіз қалдырды. 

 

Марқұмдардың туыстары сот шешімімен келіспейді. Олар кассациялық сотқа шағымданбақ. 

 

– Күйеуім Алматыдағы президент резиденциясы маңында жерде жаралы жатқан адамға көмектеспек болғаны видеода бар, сол үшін атып тастады. Ал тергеу оның бұл ісін резиденцияға шабуыл жасау дейді. Әділетсіз ғой. Мен келіспеймін, Жоғарғы сотқа дейін барам, – дейді марқұм Қанат Әубәкіровтің әйелі Ләйла Әлдибекова.

 

2 мамырда Алматының Бостандық ауданының N2 соты Қаңтарда оқ тиіп, қаза болған бес адам – Қанат Әубәкіров, Нұрболат Қосымжанов, Серік Керімов, Шыңғыс Тастанбеков және Аслан Уәлиевті «жаппай тәртіпсіздікке қатысып, мемлекеттік нысандарға шабуыл жасады» деп соттаған. Сот марқұмдардың қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. 

 

2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан. Бас прокуратура мәліметінше, елде 1600-ден астам адамға Қаңтар бойынша үкім шыққан. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/06/2023 10:48
17164 0

Уведомление